$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Экологиялық бастамаға қатысқан жастар өз таңдауларын жасады

AstanaTV
23.08.2026ж. 15:00
Экологиялық бастамаға қатысқан жастар өз таңдауларын жасады

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының белсенді жастары Алпамыс батыр саябағында бас қосып, экологиялық-спорттық сайысқа қатысты. Қолдарына қап ұстаған 120 жас саябақ аумағын қоқыстан тазалап, спорт пен тазалықты ұштастырған сайысқа қатысты. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған шара барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Экологиялық бастамадан кейін жастар сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады.