$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Құрылтай сайлауына орай жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр

Құрылтай сайлауына орай  жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр

Құрылтай сайлауына орай  жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр. Таңғы 9:00-да басталған медиажоба 16 сағат бойы яғни, түнгі  00:30-ға дейін саяси науқаннан жан-жақты ақпарат таратады. Марафонда сарапшылар қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қатып, тілшілер тікелей эфирде сайлау процесінен жедел репортаж ұсынуда. Арнайы алаңда «Халықтық Конституция» тақырыбында сөз өрбіп, мамандар Құрылтайдың құзыреті және Халық кеңесінің алдағы рөліне тоқталды. Әсіресе, азаматтардың құқықтары мен мемлекеттік басқару тетіктерін дамытуға бағытталған өзгерістер жайлы пікір алмасты.

ӘЙГЕРІМ ҚҰСАЙЫН, ҚҰҚЫҚТАНУШЫ:

Әр елдің саяси билігіне байланысты Конституцияның тармағы, парламент бір палаталы, екі палаталы әртүрлі болды. Бірақ кез келген дамығысы келетін, өркениетті елге айналғысы келетін мемлекеттің Конституциясының бірінші бабында ол мемлекеттің ең үлкен байлағы мен қазынасы – алтын емес, мұнай емес, географиядағы орны емес, адамның өмірі, оның құқығы мен бостандығы екені баса айтылады. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тек қана референдум арқылы іске асатын болады. Ол да биліктің тармағы халық екенін еске салады.