$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Сағат 14:00-де сайлаушылардың 53,12%-ы дауыс берді

Сағат 14:00-де сайлаушылардың 53,12%-ы дауыс берді
Фото: ҚР ОСК

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 23 тамыз сағат 14:00-дегі жағдай бойынша елімізде 6 696 002 сайлаушы бюллетень алды. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 53,12%-ын құрайды.

Өңірлер арасында дауыс беруге қатысу көрсеткіші ең жоғары Қызылорда облысында – 64,22%. Одан кейін Абай облысы – 63,07%, Жетісу облысы – 62,89%, Қарағанды облысы – 62,79% және Ақмола облысы – 61,15% көрсеткішке ие.

Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылардың 61,10%-ы, Ақтөбе облысында 60,87%-ы, Солтүстік Қазақстан облысында 58,63%-ы, Түркістан облысында 57,72%-ы дауыс берді.

Қалалар бойынша Астанада сайлаушылардың 40,92%-ы, Алматыда 30,36%-ы, Шымкентте 55,32%-ы дауыс беруге қатысты.

Қалған өңірлердегі көрсеткіштер:

  • Алматы облысы – 54,57%;
  • Атырау облысы – 54,49%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 50,21%;
  • Жамбыл облысы – 50,58%;
  • Қостанай облысы – 55,86%;
  • Маңғыстау облысы – 50,65%;
  • Павлодар облысы – 54,01%;
  • Ұлытау облысы – 53,31%.

Сонымен қатар азаматтардың уақытша болатын орындарындағы 305 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 16:00-де жарияланады.