Ел аумағында Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру аяқталды. Сайлау учаскелері жабылды. Дауыс беру сағат таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жалғасты. 10 363 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Сайлаушылар тізіміне 12 605 788 азамат енгізілді. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша, оның 74,19 проценті өз таңдауын жасаған. Қазір Орталық Сайлау Комиссиясынан әріптесім Сержан Айтжан тікелей байланысқа шығады, Сержан, сіз эфирдесіз, қандай ақпаратыңыз бар? ¤
СЕРЖАН АЙТЖАН, ТІЛШІ:
Қайырлы кеш, Өмір. Иә, сайлау өз мәресіне жетті. Сайлау заңының нормаларына сәйкес сайлау учаскелерінде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, 12 сағаттан аспауы тиіс. Аумақтық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы дауыс беру мен есептеудің алдын-ала нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.
20.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші 74,19 процент, яғни 9 миллион 352 мың 151 адам өз таңдауын жасады. Белсенділік бойынша Түркістан облысы көш бастайды. онан кейін Жетісу облысы тұр. Ал үшінші орында-Қызылорда облысы.
СЕРЖАН АЙТЖАН, ТІЛШІ:
Ал жалпы дауыс беру Сеул мен Токиодан басталса, Сан Францискодағы дауыс беру учаскесі 2 сағат бұрын ғана сайлаушыларға есігін айқара ашты. Ол 24 тамыз күні Астана уақытымен сағат 08:00-де жұмысын аяқтайды.