$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Қызылордалықтардың құрылтай сайлауындағы белсенділіктері ерекше болды

Қызылордалықтардың құрылтай сайлауындағы белсенділіктері ерекше болды

Қызылордалықтардың құрылтай сайлауындағы белсенділіктері ерекше болды. Аймақта 500 591 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілген. 9 аумақтық, 386 учаскелік сайлау комиссиясы құрылып, 2783 комиссия мүшесі жұмыс істеді. Учаскелердің алдында әннен шашу шашылып, ұлттық ойындар ойнатылды.

Аймақтағы барлық учаскелерде сайлаушыларды ерекше ықыласпен қарсы алып, керемет көңіл-күй сыйлады. Ұлттық ойындар ойнатылды. Жұртшылық асық атып, қол күрестіріп мәре-сәре болды. Саяси науқанды ұлттық дәстүрмен сабақтастырған көріністі тұрғындар жылы қабылдады.

АЙЖАН БОЛАТҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қазақи киімдерінің өзі адамға ерекше әсер етеді. Нақыштағы киімдер. Күбі пісіп жатқан, одан кейін ойын ойналытып жатыр қазақша. Нағыз ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді дәріптеу ол біздің рухани қазынамыз деп білемін.

Құрылтай сайлауына Қармақшы ауданы Тұрмағанбет ауылының  батыр аналары да өз үлестерін қосып, учаскеге алқаларын тағып келді. Бұл -өскелең ұрпаққа өнеге, отбасы құндылығының маңызын айшықтайтын көрініс. Бұл күннен аймақтың «Қайсар» футбол клубының ойыншалары да тыс қалмады. Сайлау учаскесіне бір ауыздан топтасып келген спортшылар бірліктің үлгісін көрсетті. «Спорттағы жеңіс те, ел болашағына деген жауапкершілік те – ортақ ұстаным» дейді футболшылар.

АБЫЛАЙХАН ТӨЛЕГЕНОВ, «ҚАЙСАР» ФК КАПИТАНЫ:

Маңызды саяси кезеңдердің жағдайында біз өзіміздің «Қайсар» ФК, яғни өзіміздің маңызды таңдауымызды жасап атсалысудамыз.

Бүгін аймақ тұрғындарының белсенділігі байқалды. Азаматтар өз таңдауларын жасап, елдегі маңызды шешімдерге бейжай қарамайтындарын көрсетті. Барлығының таңдауы әртүрлі болғанымен бір мақсатқа жұмылды.