$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Жамбылда кимешек киген кейуаналар сайлау учаскелерін аралап концерт қойды

AstanaTV
23.08.2026ж. 21:00
Жамбылда кимешек киген кейуаналар сайлау учаскелерін аралап концерт қойды

Жамбылда кимешек киген кейуаналар  сайлау учаскелерін аралап концерт қойды. «Асыл жандар» ансамблінің мүшелері шашу шашты,  тәттілері мен ыстық тоқаштарын таратты. Әжелер хормен ән шырқап, дауыс беруге келген жұрт  та оларға қосылып ән айтты.  Өңірде  520 дауыс беруге арналған сайлау учаскесі жұмыс істеді.  Онда 18-ге  толған 10 500 жас алғаш рет  дауыс берді. Мүмикіндігі шектеулі азаматтар үшін  64 сурдоаудармашы ақпарат беріп, 41 инво такси қымет көрсетті. 

БЛИЦ:

Бүгін ерекше күн, себебі мен алғаш рет дауыс беріп отырған күнім болғандықтан осы өзімнің мемлекетіме, өзімнің дауыс беруіме ықпалымды тигізіп отырғандықтан мен өте қуаныштымын. Бұл тек саяси шара емес, бұл біз үшін мереке.

Біз де үйде жатпайық деп қызымызды алып отбасымызбен дауыс беруге келдік белгіленген сайлау учаскесіне. Осындай саяси науқан кезінде біз де өз таңдауымызды жасадық.

Қазақстанның азаматы ретінде өз таңдауымды келіп жасадым. Болашағымызды өзіміз ойламасақ басқа шеттен келіп ешкім ойламайды деп ойлаймын. Әр адам өзінің таңдауын жасап дауысын беруге тиісті.