Қазақстанның барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Заңнамаға сәйкес, сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау уақыты санау басталған сәттен бастап 12 сағаттан аспауға тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы дауыс беру мен дауыстарды санаудың алдын ала нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынуда.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші төмендегідей:
Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 сайлаушы бюллетень алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 74,19%-ын құрайды.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелері Орталық сайлау комиссиясының арнайы брифингінде жарияланады. Брифингтің нақты уақыты қосымша хабарланады.
Орталық сайлау комиссиясы осымен сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы ақпарат тарату жұмысын аяқтады.