$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Қазақстан Халық партиясы сайлаудың алдын ала қорытындысын мойындады

Қазақстан Халық партиясы сайлаудың алдын ала қорытындысын мойындады
Фото: ulysmedia.kz

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындысына байланысты үндеу жасады.

Партия төрағасы сайлаудың ел тарихындағы маңызды саяси оқиға екенін атап өтіп, дауыс беруге қатысқан азаматтарға алғыс білдірді. Алдын ала exit poll нәтижесі бойынша партия кемінде 3 пайыз дауыс жинағанын айтты. Бұл әлі түпкілікті нәтиже емес.

Партия сайлау қорытындысын объективті деп мойындап, басқа саяси күштермен бірге сындарлы жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Президент реформаларын қолдайтынын және оларды жүзеге асыруға атсалысуға ниетті екенін жеткізді.