Құрылтай сайлауында соңғы болып Сан Францискодағы сайлау учаскесі жабылды.
Қазақстанның Бас консулдығында орналасқан сайлау учаскесіне Сан-Франциско мен Кремний алқабында, сондай-ақ консулдық округке кіретін өзге өңірлерде тұратын және уақытша жүрген Қазақстан азаматтары келіп, өз таңдауын жасады.
Шетелдегі барлық 79 сайлау учаскелік комиссиясы өз жұмысын аяқтады, деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.
61 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9623 адамды құрады. Бұл дауыс берушілердің 84,4% келуін қамтамасыз етті.