Ақтөбеде газ тапшылығына қатысты айыпталған сегіз адамға қатысты іске нүкте қойылды. Кәсіпкер Кәміл Төлегенов 2 жылға шартты мерзімге жаза арқаласа, қалған жетеуі ақталды. Олардың арасында «әлеуметтік газды Ауғанстанға заңсыз сатып, пайда таппақ болды» деп айыпталған ақтөбелік "Gold Steps" компаниясының директоры Берік Есенов те бар. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі айтты.
Анар Айтжанова, облыстық соттың баспасөз хатшысы:
Төлегеновтен 195 419 933 теңге келтірілген шығын мемлекет пайдасына өндірілді. Есенов пен Сыздықов кінәсіз деп танылып, ҚР ҚК 234 бабы 2 бөлімінің 1-4-5 тармақтарымен жасаған қылмысқа қатыспағандары дәлелі жоқ болғандықтан, ақталды.
Естеріңізде болса, былтыр көктемде ішкі сұранысқа бөлінген газды шетелге заңсыз тасымадаған ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген болатын. Дәл сол кезде аймақта сұйытылған газ тапшылығы туындаған еді. Сәуір айында аталған қылмысқа қатысты сегіз адам анықталып, іс қозғалды. Компания басшысы Есенов пен тағы екі айыпталушы бір жылға жуық тергеу изоляторында отырды.
Қалғандары
ешқайда шықпау туралы қолхатпен бостандықта болды.