Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атырау облысында биыл шалғайдағы 5 елді мекен газға қосылады

AstanaTV
06.03.2018ж. 20:00
2758
Атырау облысында биыл шалғайдағы 5 елді мекен газға қосылады

Атырау облысында биыл шалғайда жатқан 5 елді мекен газға қосылады. Осылайша, аймақта халықты газбен қамту көрсеткіші 97 пайыздан асады. Бұл туралы бүгін «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» талқылауға жиналған облыс активі жиынында аймақ әкімі Нұрлан Ноғаев айтты.

Ал келесі жылы тағы 8 елді мекенге газ тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып жатқанын жеткізді. 2020 жылға таман өндірісті өңір халқы толықтай, нақтылай айтсақ, 99,6 пайызы көгілдір отын қызығын көрмек. Мемлекет басшысы бастамасының «7-20-25» бағдарламасы да көпке қолдау болмақ. Мәселен, 2007 жылы 877 адам пәтер алуға өтініш берсе, биыл олардың жалпы саны 20 мыңға жетіп жығылған. Бұл - Елбасы ұсынған мемлекеттік бағдарламаларға деген халықтың сенімі,- дейді аймақ басшысы.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

Бұл - Президент бастамасымен жүзеге асқан «Тұрғын үй», «Нұрлы жер» бағдарламаларының аясында салынған пәтерлерге пәтер алушылардың осы бағдарламаларға сеніп, мемлекеттің атқарып жатқан істерін қолдай отырып, сенім білдіріп отырғаны. Бұл - бағдарламаның жұмыс жасап тұрғаны. Елбасының бес әлеуметтік бастамасында көрсетілген істердің бір ғана бөлігі.

Жыл аяғына дейін облыста екі студенттер жатақханасы пайдалануға берілмек. Тағы біреуінің жобалық-сметалық құжатын жасақтау жоспарға енгізілген. Ал ЖОО ұстаздары қауымы мемлекеттік гранттың көбеюі білімді жастардың өз елімізде сапалы білім алуына мүмкіндігін арттырады деп отыр.

Абзал Тәлтенов,  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры:

Биыл өзімізде, техника саласына, нанотехнология саласына, Елбасының айтқан, космостық салаға көбірек грант бөлінеді деген бастамасы өте көңілге қуанарлық. Соның ішінде Атырау өңірінде де мұнайлы, техникалық салаларға да өте жақсы жаңалық болып отыр.