«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлау қорытындысы бойынша сайлаушыларға алғысын білдірді. Партия басшысы сайлауалды науқан кезінде елдің әр өңірін аралап, тұрғындардың ұсынысы мен талап-тілегін тыңдағанын айтты. Оның сөзінше, халықтың сенімі партияға үлкен жауапкершілік жүктейді. Енді «Әділет» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға басымдық бермек.
АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Халқымыз осы сайлауға белсенді ат салысып, қатысып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын анық көрсетті. Сайлаушыларымыз да партиямызға үлкен сенім білдірді. Сенім артты. Сол сенімнің салмағын біз терең түсінеміз. Сондықтан бүгінгі жеңіс атқарған істің қорытындысы емес, алдағы үлкен жұмыстың бастауы. Енді біз сөзден іске көшіп, берген уәделерімізді орындап, ел күткен нақты өзгерістерді жүзеге асыратын уақыт келді.