$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Президент әлеуметтік бастамаларды дер шағында көтерді - Берік Әбдіғалиұлы

AstanaTV
06.03.2018ж. 20:00
2452
Президент әлеуметтік бастамаларды дер шағында көтерді -  Берік Әбдіғалиұлы

"Қарағанды мен Теміртауда ауаның ластану мәселесі асқынып тұр. Бұл проблема Астанаға да ауыз сала бастады. Ал бірер жылда Елорда мен теріскейдегі бірнеше облысқа газ жеткізілсе, күйелеш болып көмір жағатын халыққа қолайлы болып қана қоймайды. Экологияға да оң әсер етеді". Сарапшылар осылай десті. 

Астанада бас қосқан қоғам белсенділері «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуін талқылады. "Дағдарыс тұсында экономиканы дамыту, жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Енді елдің әл-ауқатын көтеретін уақыт келді. Осыны бағамдаған Президент әлеуметтік бастамаларды дер шағында көтерді",- дейді сарапшы Берік Әбдіғалиұлы. Ол президент атаған әр бастама қоғам үшін аса маңызды деп отыр.

Берік Әбдіғалиұлы, "Қасиетті Қазақстан" ҒЗО жетекшісі:

Бәрі газеттерден грант қарап күтіп, "кім ілінді, кім ілінбеді" деп отбасымен уайымдайды. Енді қосымша 20 мың деген - ол үлкен көмек, мемлекет тегін осынша жасты қосымша оқытпақшы. Техникалық мамандықтарға, бүгінгі талапта техникалық маман қажет. Грантқа ілінбей қалғандар өз ақшаларына оқытып жатыр ғой балаларын, үкіметтің төлеуі - бұл отбасыларына қолдау.