Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Шағын несиелеуге берілетін 20 млрд теңгенің 14 миллиарды ауылдарға бағытталады

AstanaTV
07.03.2018ж. 20:00
2634
Шағын несиелеуге берілетін 20 млрд теңгенің 14 миллиарды ауылдарға бағытталады

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінде айтылған шағын несиелеуге берілетін 20 млрд теңгенің 14 млрд ауылдарға бағытталады. Бұл туралы Үкіметте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев мәлімдеді.  Оның айтуынша, кәсіпкерлікпен ешқашан айналыспаған тұрғындарға несие қаржы берілмейді. Қаржыны алудан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау бизнес» бағдарламасымен оқыған адамдар үміттене алады. Ал кәсібін дөңгелетіп отырғандар, жаңа жұмыс орындарын ашса ғана, несиеге қол жеткізеді. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына биыл 41,8 млрд теңге қаралған. Оған президенттің тапсырмасымен 20 млрд қосылғанда, бөлінетін сома 62 млрд теңгеге жуықтайды. Вице-министрдің мәліметінше, бұл қаражат 6 пайыз үстемемен қала тұрғындарына 5, ал ауыл халқына 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Нұржан Әлтаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

Кәсіпкерліктің негіздерін білмейтін болса, ол ертең сол ақшаны қайтара алмай, өзінің бизнесі болмай қалуы мүммкін. Өйткені көптеген азаматтар бизнес процесті, бизнес жоспарлауды білмейді. Ертең сол ақшаны алып, бизнес жоспары болмаса, онда ол ертең қиын жағдайға келіп, ертең ақшаны қайтара алмай қалу қаупі бар.