$458.48 €534.68 ₽5.43
×

Түркістан облысында Келес өзеніне суға кеткен 8 жасар баланы іздеу жұмыстары қайта жанданды

Түркістан облысында Келес өзеніне суға кеткен 8 жасар баланы іздеу жұмыстары қайта жанданды

Түркістан облысының Келес ауданында суға кеткен баланы іздеу жұмыстары қайта жанданды. 8 жастағы Жаннұр Ердәулетұлы наурыз айының 23-інде абайсызда суға құлап кеткен болатын. Құтқарушылар мен сүңгуірлер өзен бойын толық тексеріп, іздеу жұмыстарын Өзбекстан шекарасына дейін және Сырдария  аумағында жүргізді.  Алайда бір жарым айға созылған ауқымды жұмыстар нәтижесіз аяқталып, ресми іздестіру шаралары тоқтатылған болатын. Енді екі айдан кейін жұмыс қайта жанданды. Қазір  90-ға жуық адам мен арнайы техника тартылып, құтқару катерлері, эхолоттар, дрондар және су астындағы дрон қолданылуда.