$458.87 €535.09 ₽5.42
×

Білім саласындағы жүйелі өзгерістерге ұстаздар қолдау білдіруде

AstanaTV
26.08.2026ж. 19:00
Білім саласындағы жүйелі өзгерістерге ұстаздар қолдау білдіруде

Білім саласындағы бастамалар Ата Заңда көрініс тапқан негізгі құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге мүмкіндік береді. Сондықтан мектептердегі сапалы білім мен орнықты тәрбие адам капиталын дамытудың басты кепілі болып қала бермек. Жүйелі өзгерістер мен жаңа бастамаларды жиынға келген  ұстаздар қауымы  оң бағалады.

ШАХРИЗАДА ӨСЕРОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Конституциядағы негізгі басым құндылықтарды жүзеге асыратын институттың бірі - мектеп. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруда ұстаздар қауымына үлкен міндеттер жүктелді. Өйткені "бұл Конституция адамға мүмкіндік береді, ал білім сол мүмкіндікті әлеуетке айналдырады, ал адам капиталы елдің прогресін қамтамасыз етеді" деген ойды түйіндеуге болады.

БАҚЫТГҮЛ ӘБДІКЕРОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып аталғаннан кейін оқу-тәрбие процесіне жасанды интеллектіні сауатты түрде этикалық норманы сақтай отырып кіргізу мәселесі айтылды. Сонымен қоса бізде айтып кетті жаңа арнайы кітап оқу процесін қалыптастыруды айтып кетті. Қаншама өзімнің мынау қойын дәптеріме биылғы оқу жылында қандай жұмыстар атқарамыз, соның бәрін жазып,  бір толғаныспен шығып тұрмын.