62 жастағы әйелді зорлап, өлтірген. Павлодарда 14 жыл бұрын болған ауыр қылмыс ашылды. Сол кезде қылмысқа кінәлі адамды анықтау мүмкін болмаған көрінеді. Жедел қызметкерлер мен криминалистер қылмыстық істі қайта қарап, бұрын жиналған дәлелдерді тексерген. Нәтижесінде бұрын сотты болған 62 жастағы күдікті анықталды. Оның ққылмысқа қатысы генетикалық сараптама арқылы расталды.
ӘЛІБЕК ЕРАЛИЕВ, ҚР ІІМ ЖЕДЕЛ-КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жедел қызметкерлер мен криминалистер істі қайта зерделеді. Тексеру нәтижесінде күдікті анықталды. Ол 1964 жылы туған, бұрын сотталған ер адам болып шықты. ДНҚ сараптамасы оның қылмысқа қатысы бар екенін растады. Ер адам кінәсін мойындады. Ол ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.