Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының тұрғынына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Бетперде киген белгісіз екі адам үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат бойы аяусыз ұрып-соғып, ұялы телефонын алып кеткен. Полиция күдіктілердің жеке басы мен жасырынған жерін анықтап, қамауға алды. Екеуі де-жұмыссыз. Ұсталғандардан жәбірленушінің телефоны тәркіленді.
АЗАТ МҰСЫРМАНҚҰЛОВ, ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жедел іздестіру кешенді іс-шараларының барысында күдіктілер ұсталып, бас шарасы қамауға алынды. Күдіктілердің екеуі де Төлеби ауданының тұрғындары. Тергеп -тексерудің барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.