Ал Ақтөбеде «Көктем» шағын ауданында тұратын оқушылар жылдар бойы ескі жатақхана ғимаратында білім алып жүр. 600 балаға лайықталған мектепте қазір оқушы саны екі есе көп. Ал жаңа білім ошағының құрылысына арналған жер телімі 30 жыл бұрын бөлінген. Бірақ, құрылыс әлі басталар емес.
Бұл-«Көктем» ықшам ауданындағы жалғыз мектеп. Мектеп деп айтуға да келмейді, жатақхана ғимараты. Мұнда жергілікті тұрғындардың балалары ғана емес, көршілес аудандар мен саяжай ұжымдарының оқушылары да білім алады.
ДҮЙСЕНҒАЛИ ЕСБОСЫНОВ, ТҰРҒЫН:
Мұнда жалғыз Заречный емес, мына Лесхоздан, 4-бөлікті жерден оқиды, 1000-нан аса адам, оқушылар бар. Мектептің іші тарыңғайсыз балдарға.
АСЫЛХАН АҚБАТЫРОВ, ТҰРҒЫН:
30 жылдай болды-әне салады, міне салады, деп күтудеміз. Мына «Көктем» халқы өте сабырлы. Осыған дейін сеніп келдік. Мына артарыңызда көріп тұрған алаң өте қауіпті. Балаларымыз да кейде намыстанады. Дискрминация дейді ғо.
Бала санының көптігі бір мәселе. Жатақхана ғимаратында оқушыларға білім алуға ешқандай жағдай жасалмаған. Жаңа мектеп жобасы 2 жыл бұрын дайындалыпты. Білім ошағының құрылысына қарастырылған қаржы 3 млрд теңгеден асады. Алайда қаражат бөлінер емес.
АСЛАН ЖАРАСБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз 500 орындқ мектепке жоба дайындадық. Жобаның құны-3,6 млрд теңгені құрайды. Құрылыс 7 айда бітіру керек. Және де бұл 3 қабатты ғимарат. Қазіргі таңда енді бюджеттің тапшылығына байланысты құрылыс басталған жоқ. Егер де қаражат толығымен бөлінген жағдайда біз құрылысты бастайтын боламыз.
Көктем тұрғындарының талабы біреу - балаларға лайықты мектеп керек. Ал оның қашан салынатыны әзірге белгісіз.