«Әділет» партиясының атынан Құрылтайдың бірінші шақырылымына 110 депутат мандат алды. Оның 37-сі әйел, 13-і жас, 2-еуі ерекше қажеттілігі бар адам, 21-і өзге ұлт өкілі. Жаңа сайланған депутаттардың орташа жасы – 46-да. Халық қалаулыларының қатарында Ұлттық Құрылтайдың бұрынғы 13 мүшесі, Мәжілістің 20 экс-депутаты мен 4 экс-сенатор бар. Сонымен қатар Президенттік жастар кадр резервінен 10 адам, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің 4 мүшесі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 5 мүшесі бар. Ал 26-сы мәслихат депутаты болған. Құрылтай депутаттарының мамандығы сан түрлі. Айта кетейік, сайлау қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы сайлаушылардың 71,17% дауысын жинап, 145 депутаттық мандаттың 110-ын иеленді.