$462.3 €538.07 ₽5.41
×

Жастардың саяси таңдауы сарапқа салынды

AstanaTV
27.08.2026ж. 19:00
Жастардың саяси таңдауы сарапқа салынды

Жастар - қай дәуірде де реформалардың қозғаушы күші, қоғамның ең белсенді әрі серпінді бөлігі. Елордада бас қосқан сарапшылар елдің саяси өміріндегі жаңа серпінді таразылады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен жиында 2026 жылғы Құрылтай сайлауындағы жастардың белсенділігі мен азаматтық позициясы сөз болды. Мемлекеттік орган өкілдері, заңгерлер мен ғалымдар конституциялық өзгерістердің терең мәнін бағамдап, жаңа саяси сәулеттің қалыптасуын талқылады. Ел болашағына бей-жай қарамайтын өрендер мен сарапшылар реформалардың Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына қосар үлесін жан-жақты сарапқа салды. 

ЖАМАЛАДЕН ИБРАГИМОВ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ПРОФЕССОРЫ:

Жастар бүгінгі таңда қоғамдық күштерді қозғауда ең басты күш болып табылады. Өйткені жастар біріншіден үлкен электоралдық бір ресурс. Және екіншіден олардың саяси белсенділігі біздің бүгінгі таңда сайлап отырған Құрылтайдың легетимдігін нығайтады. Сондықтан да жастардың белсенділігі, біздің пайымдауымызша, қалыпты жағдайда болды деп айтамыз.