Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елімізде мереке және демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады

AstanaTV
07.03.2018ж. 20:00
2552
Елімізде мереке және демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады

Мереке және демалыс күндері еліміздің кей өңірлерде жауын-шашын болып, қатты жел тұруы мүмкін. Жалпы, ауа райы аса құбылмалы болады. Синоптиктер болжамы осындай. Яғни көктемнің алғашқы мерекесіне тұспа тұс келетін демалыс күндерінде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде жаңбыр жаууы ықтимал. Екпіні қатты жел тұрады. Кей жерлерде дауылдың күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал еліміздің батыс, солтүстік және орталық облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ кей жерлерде көк тайғақ болады деп күтіліп отыр.