Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Чемпиондар лигасында 1/4 финалға өткендер анықталды

AstanaTV
07.03.2018ж. 20:00
2741
Чемпиондар лигасында 1/4 финалға өткендер анықталды

Аздаған үзілістен кейін чемпиондар лигасы Еуропа алаңдарына оралды. «Реал» турнирдің ширек финалына жолдама алып отыр. Корольдік клуб сырт алаңда «Пари Сен-Жерменді» 1:2 есебімен жеңді. Ойындағы барлық гол үзілістен кейін соғылған. Ал, екінші жолдама әйгілі «Ливерпульге» бұйырды. Қос ойынды есептегенде португалдықтар ағылшындарға 0:5 есебімен есе жіберген.

"Арсеналдың" жанкүйерлері команданың бас бапкері Арсен Венгердің отставкаға кетуін тілеп отыр. Бастаманы жанкүйерлердің 88 пайызы қолдап дауыс берген. Мұндай сауалды The Arsenal Supporters Trust жүргізді. Ал, Венгердің өзі болса әзір кететін ойы жоқ екенін айтқан. 




Бүкіләлемдік бокс кеңесі Канело - Головкин арасындағы кездесуге еш қауіп жоқ деп топшылап отыр. Маурисио Сулейман Сауль Альварестің қанынан табылған тиым салынған кленбутероланың мөлшері өте аз деді. Сондықтан мәселе туындамайтын сыңайлы. Алайда нақты шешім шыққан жоқ. Еске салсақ, Головкиннің қарсыласы допинг -сынамадан өте алмай қалған еді.