Бүгін сайлау алды үгіт – насихат жұмыстары басталды. Парламент Мәжілісінің сайлауы 20-наурызға белгіленгені мәлім. 6 саяси партия қатысады. Осы аптада олар бюллетеньде қай партиядан кейін қай партияның орналасатынын өздері жеребе алу арқылы анықтады.
Жеребе бойынша сайлау бюллетенінде бірінші «Нұр Отан» партиясы тұрады, екінші Коммунистік халықтық партиясы, 3- «Ақ жол», 4- «Бірлік» партиясы, 5- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, 6- «Ауыл» партиясы. Үгіт-насихат жұмыстары наурыздың 18-не дейін жалғасады. 19-наурыз «тыныштық» күні. Партиялар үгіт-насихатқа бірінші күннен белсене кірісіп кетті. «Ақ жол» Оралда, «Бірлік» пен коммунистер партиясы Алматыда. Ал «Нұр Отан» Астанада.
Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы төрағасыныңбірінші орынбасары:
Бүгін «Нұр Отан» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Үгіт-насихат жұмыстары біз үшін біршама жеңіл. «Нұр Отан» электоралдық партия емес. Біз күнделікті әрі кешенді жұмыс жасап келе жатқан халықтық партиямыз. Жұмысты саяси науқанға байланысты күшейту үшін арнайы жоспар бекітілді. Жоспарда партияның сайлауалды бағдарламасын, Елбасы, партия төрағасының қойып отырған міндеттерін тиімді атқару үшін тиісті шаралардың бәрі қамтылған.
Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП ОК хатшысы:
Лениннің кім екенін жастар ұмытып кетіп жатса да, біз сол жастарға оның басты мақсаты, коммунизм қоғамында болатын жақсылықтар, құндылықтардың қандай екенін жастарға түсіндірудеміз.
Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы:
Біріншіден тәуелсіздігімізді нығайту мен кеңейту, екінші – нарықты экономика мен жекеменшік бизнесті дамыту мәселесі. Жемқорлыққа қарсы күрес, оған жол бермеу де бағытымызда бар. Төртінші мәселе осы үш мәселеге ашық, демократиялық инситуттар арқылы ғана жете аламыз.
Серік Сұлтанғали, «Бірлік» партиясының төрағасы:
Біздің платформамыз, ниетіміз
басқа партиялардан әрі-бері кетпейді. Бәріміздің ойымыз бір - осы Қазақстанымыз
тыныш болса, Қазақстанымыз аман болса, туымыз желбіреп, бүкіл дүние танып
жатыр, осыны шайқамай, мына заманнан өтіп кетсек.