«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай алғаш құрылған Құрылтайдың спикері болып сайланды. Оның кандидатурасын бүгін Құрылтайдың бірінші сессиясын ашқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді. Оның лауазымын 138 депутат жақтады.
«Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын», - деген болатын Тоқаев.