“Қарасора — 2026” ЖПІШ барысында Үлкен Нарын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті.
48 жастағы ер адамның тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тінту кезінде полицейлер ауладан 22 түп қарасора өсімдігін, ал шаруашылық үй-жайларынан өсімдік тектес заттар салынған бумалар мен сыйымды ыдыстарды анықтады. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктер кептірілмеген күйдегі каннабиске жатады. Сонымен қатар анықталған заттардың жалпы салмағы 700 грамнан асатын марихуана екені расталды. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 6,7 келіден асты. Сондай-ақ ер адамның каннабиноидтарды тұтынғаны анықталды. Ол өз сөзінде жабайы қарасораны тек жеке мақсатында жинағанын және өз үйінің аумағында арнайы өсірмегенін түсіндірді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.