$462.3 €538.07 ₽5.41
×

Республикалық журналистер клубының мүшелері Қызылордада бас қосты

Республикалық журналистер клубының мүшелері Қызылордада бас қосты

Республикалық журналистер клубының мүшелері Қызылордада бас қосты.  2009 жылы құрылған медиа қауымдастық еліміздің әр өңірінде семинар өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл-сала өкілдері тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасатын алаң.

Республикалық журналистер клубының кеңейтілген отырысына еліміздің түкпір-түкпірінен 30-ға жуық қатысушы келді. Олар «Қоғамдық диалог пен конституциялық реформаны ақпараттық қолдау мәселелерін» талқылады.

ӘЛІШЕР САТЫБАЛДИЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Басты мәселе этностық тақырыпты дұрыс түсіндіру мәселесі бойынша, одан кейінгісі елімізде орын алып жатқан саяси реформалар. Бүгінгі таңда өзекті мәселе сол саяси реформаларды дұрыс жеткізу.  Біз халыққа көзі, құлағы болған ақпараттың барлығын осы ағайынға дұрыс жеткізу мәселесін талқылауға осы жерге жиналып отырмыз.

Жиын барысында  медиа майталдамандар өз тәжірибелерін ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.  Бұл кәсіби шеберлікті шыңдап, аймақтардағы БАҚ-дарының әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар.

ЕЛЕНА РЫБИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Әртүрлі пленарлық отырыс өтіп жатыр, сонымен қатар әртүрлі семинар тернингтер өткізіледі деп күтілуде. Бұл шара барысында келген делегаттардың әрқайсысы осы өз жұмысына және кәсіби жолында қолдануға болатын қандайда бір әдіс құралдармен қаруланады деген ойдамыз.

Іс-шара одан әрі түрлі тақырыпта тренингтік бөлімдер бойынша жалғасты. Онда ақпараттық кеңістіктегі кәсіби жұмыстың сапасын арттыру, заманауи медиақұралдарды тиімді пайдалану турасында сөз болды.