$464.77 €541.36 ₽5.41
×

"Тұман, бұршақ". Сенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Тұман, бұршақ". Сенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: pexels

"Қазгидромет" РМК 2026 жылдың 29 тамызында Астанада және еліміздің 16 өңіріндедауылды ескерту жариялады.

Түнде және күндізАстанада жаңбыр жауады, кей уақыттарда найзағай ойнайды, сондай-ақ түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертеңБатыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.Оралда29 тамызда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Атырау облысындатөтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда29 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысыныңбатысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады, күндіз бұршақ түседі, дауыл соғады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда29 тамызда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда29 тамызда солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түндегі екпіні - 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

КүндізАбай облысыныңбатысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 29 тамызда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Алматы облысында35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда29 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Қонаевта 29 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

КүндізҚостанай облысының солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысыныңбатысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада29 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл соғады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болатыны болжанады. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда29 тамызда аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысыныңорталығында, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде29 тамызда төтенше өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысыныңбатысында, шығысында, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда29 тамызда кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысындажаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр болып, күндіз бұршақ түседі, дауыл соғады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодарда29 тамызда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей уақыттарда бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 29 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте29 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда29 тамызда төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысындасолтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда29 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.