$464.77 €541.36 ₽5.41
×

БАӘ-де қаза тапқан 2 қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

БАӘ-де қаза тапқан 2 қазақстандықтың денесі елге жеткізілді
Фото: Бауыржан Жуасбаев

Олардың қаза болу жағдайына қатысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

28 тамызда ҚР Дубайдағы Бас консулдығы қаза болған қазақстандық азаматшалар Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денелерін елімізге жеткізуді ұйымдастырды.

Олардың қаза болу жағдайына қатысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар әмірлік прокуратура мен басқа да тиісті органдармен жұмысты жалғастырып, қаза болғандардың отбасына қажетті көмек көрсетуде. ҚР Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады, – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов.