$464.77 €541.36 ₽5.41
×

Алматыда өрттен кейін егде жастағы әйел ауруханаға жеткізілді

31.08.2026ж. 04:35
Алматыда өрттен кейін егде жастағы әйел ауруханаға жеткізілді
Фото: pixabay

«112» пультіне Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Мынбаев көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Алдын ала ақпарат бойынша, өрт екінші қабаттағы пәтердің балконында басталып, кейін жапсарлас орналасқан көкөніс дүңгіршегіне және үшінші қабаттағы пәтердің балконына таралған.

ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді. Екінші қабаттағы пәтерден 1959 жылы туған әйел медициналық мекемеге жеткізілді.

Өрттің мән-жайы мен шығу себебі анықталуда.