$464.77 €541.36 ₽5.41
×

Непалдағы су тасқынынан үш күн өткен соң үйінді астынан алты жасар қыз тірі табылды

31.08.2026ж. 06:35
Непалдағы су тасқынынан үш күн өткен соң үйінді астынан алты жасар қыз тірі табылды
Фото: India Today

Непалда жойқын су тасқынынан кейін 6 жасар қыз үйінді астында үш күнге жуық уақыт жатқанына қарамастан, тірі күйінде құтқарылды. Бала Расува ауданынан табылған, деп хабарлайды India Today.

қызды жұма күні Непал қарулы полициясының қызметкерлері тапқан. Құтқарушылар үйінділердің астынан баланың дауысын естіген. Сөйтіп, қызды тірі күйінде тауып, ғажайып жағдайға куә болған. Қыз тікұшақпен Катмандудағы ауруханасына жеткізілген. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.