$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Прокурорлар Мұратхан Тоқмәдиге 12 жыл жаза сұрады

AstanaTV
12.03.2018ж. 20:00
3017
Прокурорлар Мұратхан Тоқмәдиге 12 жыл жаза сұрады

Прокурорлар Мұратхан Тоқмәдиге 12 жыл жаза сұрады. Ал мұны естіген экс-кәсіпкер мен оның адвокаты, керісінше, жазаның жеңілдетілгенін қалайды. Тоқмадиге «Тұран Әлем банкінің» бұрынғы басшысы, банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деген айып тағылған.

Мұратхан Тоқмади, айыпталушы:

Құрметті сот, өз кінәмді мойындай отырып, айыптау актісімен толық келісемін. Жазамды өтеуге дайынмын. Қылмыстық істің жан-жақты ашылуына барынша үлес қосқаным үшін, әрі кәмелет жасына толмаған балаларымның болуына байланысты, жаза мерзімін төмендетуіңізді сұраймын. 

Ал, Тоқмәдидің авдокаты оның елге сіңірген еңбегін ескеруді сұрады. Кәсіпкердің шыны зауытын ашып, 50-ден аса адамға жұмыс беріп отырғанын еске салды. Әрі бұл қылмыстық оқиға 14 жыл бұрын болғанын айта кетті.  Тоқмәдиге Әбілязов тарапынан қысым көрсетілгенін, егер тапсырысты орындамаған жағдайда, оның өз өмірі мен отбасына қауіп төнуі мүмкін екенін, назарға алуды ұсынды. Бизнесменнің 5 баласы барын айтқан қорғаушысы жаза мерзімін қысқартуды сұрады.

Айта кетейік, бүгін түске дейін болған сот отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Нартай Дүтбаевтан бейнеқосылу арқылы жауап алынған. Дүтбаев Әбілязовпен бұрын байланыста болғанын растады. Бірақ Тәтішевті өлтіру жоспары бар екенін білмедім дейді. Сот үкімі 16-шы наурызда шығады деп жоспарланып отыр.