Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жазушылар одағының жаңа төрағасы сайланды

AstanaTV
12.03.2018ж. 20:00
5462
Жазушылар одағының жаңа төрағасы сайланды

Жазушылар одағында жаңа төраға. Ұйымды 22 жыл үздіксіз басқарған Нұрлан Оразалин қызметінен кетті. Бүгін Алматыда өткен Қазақстан жазушылары одағының кезекті құрылтайында ақын Ұлықбек Есдәулет төраға болып сайланды. Съезде жаңа басшыны сайлау үшін танымал қаламгерлер арасынан 150 делегат таңдалды. Олар жабық дауыс беру арқылы бірауыздан мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулетті одақты басқаруға лайықты деп таныды. Танымал ақын әрі журналист алдағы бес жылда атқарылатын жоспарларымен бөлісті. Төраға  орынбасары ретінде жас ақындар Бақыт Беделхан, Ақберен Елгезек және журналист Мереке Құлкенов тағайындалды. Айта кетейік, Қазақстан жазушылар одағына 800-ден астам әдебиетші мүше.

Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан жазушылары одағының төрағасы:

Мен иығыма түсіп тұрған ауыр жүктің салмағын сезіп тұрмын. Ендігі жұмыс, алдағы мақсат - жазушылар одағының жағдайын түзету. Ал жазушыларға жағдай туғызу деген сонымен қоса-қабат жүреді.