Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Астана Арланс» WSB аясындағы 8-ші маусымда алғаш рет жеңілді

AstanaTV
12.03.2018ж. 20:00
2567
«Астана Арланс» WSB аясындағы 8-ші маусымда алғаш рет жеңілді

«Астана Арланс» бүкіл әлемдік бокс сериясындағы 8-ші маусымда алғаш рет жеңіліп қалды. Қазіргі чемпиондар ресейлік «Патриот Боксинг Тимге» есе жіберген. Есеп 5:0. Спорт әлеміндегі өзге де жаңалықтармен Дәуренбек Бақдәулетұлы таныстырады.

Қазақстанда премьер-лиганың кезекті маусымы басталды. Алғашқы кезеңде қазіргі чемпиондар жоғары нәтиже көрсетті. «Астана» «Ақжайықты» 3:0 есебімен жеңіп кетті. Десе де, клубтың жаңа бапкері Григорий Бабаян  спортшылардың шабуыл барысындағы ойындарына көңілі толмайтынын жеткізді.

«Қайрат» премьер-лигаға енді қосылған «Қызыл-Жар» ды 2:1 есебімен жеңді. Ал, «Қайсар» футбол клубы өз алаңында Ақтөбенің жастар құрамасынан ұтылды. Себебі клубтың қарызы әлі жабылмаған. Сондықтан «Ақтөбе» алдағы бірнеше ойын, тіпті трансфер басталғанша, осы құраммен ойнауы мүмкін. Самат Смақов 2014-ші жылдан бері жиналып қалған қарыздар бар екенін айтады. Сондықтан, демеушілер тарапынан көмек болмаса, клуб банкротқа ұшырауы мүмкін дейді.

Ал, «Астана» баскетбол клубының жағдайы жақсарып келеді. Жерлестер ВТБ аясында тағы да жеңіске жетті. Бұл жолы ресейлік «Химиктен» басым түскен. Жарақатына байланысты мәскеулік 6 ойыншы алаңға шыға алған жоқ. Осы сәтті астаналық клуб сәтті пайдалана білді. Есеп 63:42.

Михаил Карпенко, «Астана»  БК бас бапкерінің м.а:

Менің қуанышымда шек жоқ. Себебі біз жоспарлаған әдіс спортшыларға сенім берді. Қарсыластың бізге жетіп қалған кезі болғаны рас, дегенмен, ойын барысын назарда ұстап, жеңіп кеттік.

Карпенко басшылығымен өтіп отырған ойында «Астана» баскетбол клубы 5 ойынның төртеуін жеңіспен аяқтаған. Қазір ол плей-оффтегі орынын нақтылай түсіп, 7-ші сатыға жайғасты.