Түркістан қаласының тұрғыны өгей ұлы мен келінін пышақтап өлтірген. Сұмдық оқиға жұрттың жағасын ұстатты. Қанды қылмысқа не себеп болуы мүмкін? Көршілері не дейді?
Қанды қылмыс болған үй - осы. Мұнда ерлі-зайыпты қария тұрған дейді көршілері. Соңғы бес айдан бері әйелі төсекке таңылып, өткен аптада қайтыс болыпты. Анасының жаназасына Қызылордада тұратын ұлы мен келіні келген. Жерлеуден соң басталған жанжалдың соңы қанды оқиғамен аяқталғанын айтады ауылдастары.
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Пышақтаған деп айтып жатыр ғой. Анау шал екі адамды пышақтаған. Осы кемпірге қараған шал ғой негізі, ешқандай зияны жоқ тұғын, білмеймін. Сыртынан көретінбіз. Кіріп-шығып жүретін. Былай зияны жоқ адамға. Білмеймін не үшін болғанын, может анау баласы келіп үйден шық дейді ма, үйге талас болған ба сондай шығар.
Ауылдастарының айтуынша, ашуға булығып, өгей ұлы мен келініне пышақ сұққан қария полицияға өзі хабар берген. Ерлі-зайыпты жедел-жәрдем келгенше көз жұмған көрінеді.
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Кемпірді көмгеннен кейін «Индирада» жаназа болғанда... Жаназадан келген соң шал келіні мен баласына ерегіскен-ау білмеймін ғой өлтіріп қойыпты ғой пышақтап. Біреуі далада жатыр. Біреуі іште жатыр дейді ғой, кіргендер айтады. Полицияға звондапты Абай көшесіне барып, «екі адамды өлтіріп қойдым» депті.
Күдікті қамауға алынған. Қанды оқиғаға нақты не себеп болғанын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.