$464.77 €541.36 ₽5.41
×

Елордада велосипедші жүк көлігінің астына түсті

AstanaTV
31.08.2026ж. 19:00
Елордада велосипедші жүк көлігінің астына түсті

Елордада жантүршігерлік жол апаты бір адамның өмірін қиды. Түнгі сағат он бірлер шамасында тротуармен велосипед айдап келе жатқан 46 жастағы әйел көше қиылысында кенеттен рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан ол сол маңнан өтіп бара жатқан «Газель» жүк көлігінің астына құлаған. Алған ауыр жарақаттан тұрғын оқиға орнында тіл тартпай кетті. Қазір бұл дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.