$462.31 €536.09 ₽5.34
×

Елордада алғаш рет EA SPORTS Қазақстан чемпионаты өтті

Елордада алғаш рет EA SPORTS Қазақстан чемпионаты өтті

EA SPORTS, яғни, плейстейшн ФИФА-дан алғаш рет ресми Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл бәсекені Қазақстан Футбол Федерациясы ұйымдастырды. Киберспорт бәсекесіне осыған дейін онлайн-іріктеу болған. Еліміздің түкпір-түкпірінде сынға түскен 81 ойыншының 8-і Елордада өткен Гранд-Финалға іріктелді. Алғаш ресми ел біріншілігінде Данияр Шарабадин үздік атанды. Ол биыл Лондонда өтетін Еуропа Чемпионатында ел намысын қорғайды Ал, Қазақстан Футбол Федерациясы киберспорт мәртебесі артқандықтан, коммерцияландыруға көп көңіл бөлетіндерін жеткізді.

ОЛЖАС ЕСЕНТАЕВ, ҚАТЫСУШЫ:

Бәсекелестік деңгейінің қаншалықты жоғары екенін көзбен елестету қиын. Жуырда бір әуесқой турнирге 10 мыңнан астам адам тіркелген. Олардың барлығы керемет ойнайды. Ал, бүгін жиналған жігіттердің ешқайсы осал емес.

ЕЛДАР ЕСЕТОВ, ҚФФ БҰҚАРАЛЫҚ ФУТБОЛ ЖӘНЕ ESPORTS ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ESPORTS ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біздің киберфутболшылардың әлеуеті өте жоғары. Жанкүйерлер тарапынан да қызығушылық деңгейін өз көздеріңізбен көріп отырсыздар. Киберфутболды да жарнама көзіне айналдырып, инвестор тартып, дамытуды қолға алып отырмыз.