$462.31 €536.09 ₽5.34
×

Қостанай облысында ірі көлемдегі алаяқтықтың жолы кесілді

Қостанай облысында ірі көлемдегі алаяқтықтың жолы кесілді
Polisia.kz

Қостанай облысында ірі көлемдегі алаяқтықтың жолы кесілді. Қостанай облысы полиция департаментінің "102" арнасына интернет-алаяқтық дерегі болуы мүмкін екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Өңір тұрғыны инвестициядан жоғары табыс табуға болады деген ұсынысқа сеніп, жалған инвестициялық платформаға тіркеліп, белгісіз тұлғаларға 1 млн теңгеден астам қаражат аударған. Кейін жалған қаржы кеңесшілері пайда алу және түрлі комиссияларды төлеу сылтауымен қосымша ақша салуды талап еткен.

Қажетті соманы табуға тырысқан ер адам құны 1,4 млн теңгеге бағаланған автокөлігін кепілге қоюға шешім қабылдаған. Оқиға туралы оның танысы біліп, алаяқтық болуы мүмкін екенін аңғарып, дереу "102" нөміріне полицияға хабарлаған. Қостанай облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына келді. Полицейлер ер адамға инвестициялық алаяқтықтың тәсілдерін түсіндіріп, одан әрі ақша аударудан бас тартуға көндірді. Азаматтың қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің уақытылы әрекет етуінің арқасында 1,4 млн теңге көлеміндегі қосымша қаржылық шығынның алдын алу мүмкін болды. Полиция департаменті ескертеді: кепілдендірілген жоғары табыс туралы уәделер, ақшаны шұғыл аударуды немесе "комиссия", "салық", "шотты бұғаттан шығару" үшін төлем жасауды талап ету — алаяқтықтың негізгі белгілерінің бірі. Күдік туындаған жағдайда дереу "102" нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.