$462.31 €536.09 ₽5.34
×

Жетісуда полиция мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтті

Жетісуда полиция мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтті
Polisia.kz

Жетісу облысында мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған "Маскүнемдіктің ауыр салдарын жою" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері профилактикалық рейдтер өткізіп, есепте тұрған тұлғаларды, қолайсыз отбасыларды, сондай-ақ алкоголь өнімдерін заңсыз тұтыну және сату деректерін анықтауға бағытталған тексеру жұмыстарын жүргізуде. Үш күн ішінде профилактикалық есепте тұрған 964 тұлға тексерілді. Қосымша 45 адам есепке қойылып, 35 қорғау нұсқамасы шығарылды және 4 тұлғаға ерекше талап белгіленді. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылуда. Іс-шара барысында 163 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың басым бөлігі алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу деректері бойынша анықталған. Сонымен қатар арнайы мекемеге 94 адам жеткізіліп, оның 71-і жатқызылды. Полиция алкогольді шамадан тыс тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға жол бермеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.