$456.56 €530.52 ₽5.28
×

Аралда учаскелік полиция инспекторы гараждан өлі күйінде табылды

Аралда учаскелік полиция инспекторы гараждан өлі күйінде табылды

Полиция қызметкерін өлтіріп, мәйітін ауладағы гаражға жасырып қойған. Қызылорда облысы Арал ауданында учаскелік полиция инспекторының денесінен жарақат іздері анықталды.

Полиция департаментінің мәліметінше, инспектор мен күдікті арасында жанжал туындаған. Салдарынан қызметкер алған жарақаттарынан көз жұмған. Марқұм еңбек демалысында болған екен. Ал күдікті ізін суытып үлгерген. Қазіргі таңда жеке басы анықталып, іздестірілуде.

БАУЫРЖАН СӘУЛЕБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Қылмыстық іс қозғалды. Оны ұстау бойынша жеке шаралар қабылдануда. Бұған дейін күдікті отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін қайтыс болған учаскелік инспектор тарапынан бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.