$462.31 €536.09 ₽5.34
×

Қақпа құлап мерт болған оралдық жеткіншектің өліміне қатысты сот үкімі шықты

01.09.2026ж. 19:00
Қақпа құлап мерт болған оралдық жеткіншектің өліміне қатысты сот үкімі шықты

11 жастағы оралдық Нұрәмір Сапарбековтің өліміне қатысты 4 жылға созылған сот бүгін аяқталды. Айта кетелік, спорт алаңында ойнап жүрген жеткіншектің үстіне оқыстан футбол қақпасы құлап, мерт болған еді. Осы оқиғадан кейін спорт алаңын меншігіне алған мекеме қызметкерлері жауапқа тартылды, енді бірі қызметінен қуылды. Бұдан кейін қайғылы оқиға болған кезде спорт алаңдарының меңгерушісі болған Бауыржан Алтаяқов жауапқа тартылды. Мемлекеттік айыптаушы оны төрт жыл сегіз айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ айыпталушы өзінің бұл іске жауапты еместігін жеткізді. Тараптардың уәжін тыңдаған сот Бауыржан Алтаяқовты кінәсіз деп таныды. Ал қаза тапқан баланың әкесі сот шешімімен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

АБАДАН МАМЫРОВ, ҚАЛАЛЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты Бауыржан Алтаяқов кінәсіз деп танылды. Облыс әкімдігіне барлық спорт алаңының қауіпсіздігін тексеру туралы ұсыныс берілді. Ал тергеу органдары заңбұзушылықтарға жол берген. Тергеушілер сараптама тағайындаса да, мұны жасамаған. Сондықтан облыс прокуроры мен облыстық полиция департаментінің бастығына осы заңбұзушылықтарға байланысты тиісті шаралар қабылдау туралы қаулы шығарылды.