Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында той кортежіне қатысқан 15 адам жауапқа тартылды. Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан олардың жол ережесін өрескел бұзғаны көрінеді. Өздерінің ғана емес, өзгенің өміріне де қауіп төндіргендер. Облыстық прокуратураның мәліметінше, оқиғаның «бас кейіпкерлері» анықталып, шара көрілген. Олар - 21 мен 35 жас аралығындағы Жаңақорған ауданының, Алматы, Жамбыл облысының және Шымкент қаласының тұрғындары. Құқық бұзушылыққа қатысты 13 жүргізуші мен 2 жаяу жүргіншіге әкімшілік іс қозғалған.
СЕРІК ӘДІЛКЕНҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
Барлық көлік жүргізушілеріне қатысты 56 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде атап айтсақ, қарама-қарсы бағытқа шығу, жол ережелеорін бұзу, заңсыз пиротехникалық құралдарын пайдалану және арнайы мигалкаларды заңсыз пайдалану.