Телефонды кәмпиттің қорабына орап, түрмеге кіргізбек болды. Тыйым салынған зат Қарағанды облысындағы №33 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматқа әкелінген сәлемдемеден шықты. Бандерольді тексеру кезінде қызметкерлер ұялы телефон, оған арналған қуаттағыш құрылғы және бірнеше SIM-картаны анықтады. Тыйым салынған заттар кәмпиттің қаптамасының ішіне жасырылып, сырт көзге байқалмайтындай етіп оралған.
Заттар тәркіленіп, оқиға бойынша тиісті материалдар полиция бөліміне жолданды. Бұл дерек бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
НАЗАРБЕК АРМИЯ, ОБЛЫС БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізу, болмаса оған әрекеттену әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін. Сондықтан азаматтарды қатаң ескертеміз.