Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанаға келетін газдың бағасы 47-50 теңге шамасында болуы мүмкін

AstanaTV
13.03.2018ж. 20:00
2403
Астанаға келетін газдың бағасы 47-50 теңге шамасында болуы мүмкін

Астанаға келетін газдың бағасы текше метрі үшін 47-50 теңге шамасында болуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан соң Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. Газ көмірден арзан бола алмайды, - деді министр. Қазір магистралды газ құбырының техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Ендігі жұмыс - қаржы тарту. Қанат Бозымбаев: "Ақшаның 70 пайызы қарыз, ал қалған 30 пайызы өзіміздікі",- деп атап өтті . Ал жобаның жалпы құны 267 млрд теңге.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Магистарльді тарту құрылысы биыл шілде айында басталады. Бір жарым жылдың ішінде үлгеретін шығармыз. Біз ойлаймыз, келесі жылдың соңына дейін бұл магистралдық "Сарыарқа" деген құбырды салуды аяқтаймыз деп, келесі жылдың соңына дейін. Жалпы синхронды түрде жергілікті атқарушы органдар, әсіресе Қарағанды, Ақмола облысының әкімшілігі және Астана әкімшілігі жергілікті газ тарату желілерін өздері пысықтайды.