$458.45 €531.39 ₽5.29
×

22 тонна синтетикалық май тиеген жүк көлігі өртеніп кетті

02.09.2026ж. 10:28
22 тонна синтетикалық май тиеген жүк көлігі өртеніп кетті
фото: instagram.com/otyrarkz

Түркістан облысының Қазығұрт асуында жүк көлігі тіркемесімен бірге толығымен өртеніп кетті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қазығұрт ауданына қарасты Рабат ауылының маңынан шамамен 8 шақырым жерде Алматы – Термез – Ташкент республикалық маңызы бар жолында тіркемесі бар жүк көлігі мен шамамен бір гектар аумақтағы қурай өртке оранған.

Жүк көлігі 22 тонна синтетикалық май тасымалдаған. Өрт салдарынан көлік пен тіркеме толығымен жанып кеткен. Ал синтетикалық майдың бір бөлігі жолға төгілген.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы ТЖМ бөлімшелері бірлесіп, өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның салдарын жоюға ТЖМ-нің 20 қызметкері мен бес техникасы жұмылдырылды.