$458.45 €531.39 ₽5.29
×

Қайтарылған активтер өңірлік әуежайларды жаңғыртуға бағытталды

02.09.2026ж. 11:07
Қайтарылған активтер өңірлік әуежайларды жаңғыртуға бағытталды
фото: almaty.gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары мемлекет меншігіне 1 триллион теңгеден астам қаражатты қайтарды. 

Бұл қаражат мектептер, ауруханалар, спорттық және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағытталып жатыр.

Көлік саласында 40 миллиард теңгеден астам сомаға 6 ірі жоба іске асырылып жатыр. Олардың үшеуі аяқталды.

Осындай жобалардың бірі - Павлодар әуежайын қайта жаңарту. Әуежайдың жағдайы ұзақ уақыт бойы өңірдің әуе қатынасын шектеп келген. Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен ұшу-қону жолағын қайта жаңарту аяқталды.  Енді әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 200-ден 300 жолаушыға дейін артты.

Оң өзгерістер Арқалықта да болды.  30 жылдан астам уақыт бойы қала мен маңайдағы аудандардың тұрғындары тұрақты әуе қатынасына қол жеткізе алмаған. Биыл 22 тамызда қайтарылған активтер есебінен жаңа терминал құрылысы мен әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы.

Сондай-ақ, биыл 1 маусымда жыл сайын мыңдаған тұрғындар мен туристер пайдаланатын Балқаш әуежайы пайдалануға берілді.