$452.12 €508.95 ₽5.41

Сайлау Мұхаммеджан аударыспақтан көшпенділер ойындарының чемпионы атанды

02.09.2026ж. 14:28
Сайлау Мұхаммеджан аударыспақтан көшпенділер ойындарының чемпионы атанды
фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

Қазақстан құрамасының өкілі Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан топ жарды.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан да финалда қырғыз спортшысымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Қазақстан құрамасының дүбірлі додадағы алғашқы алтын медальдары.