$458.45 €531.39 ₽5.29
×

Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5%-ға өсті

02.09.2026ж. 15:12
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5%-ға өсті
фото: gov.kz

2026 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5%-ға өсіп, 3 трлн теңгеге жетті.

Биыл жалпы егіс алқабы 24,2 млн гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 597 мың гектарға көп. Негізгі үлес дәнді және бұршақты дақылдарға тиесілі. Сонымен қатар майлы және мал азықтық дақылдар алқабы кеңейтілген.

Азық-түлік өндірісінде де өсім бар. Қаңтар-шілдеде тамақ өнімдерінің өндірісі 13,9%-ға, сусындар өндірісі 1,7%-ға артты. Ет, балық, өсімдік және сары май, сүт өнімдері, жарма, макарон, күріш, кондитерлік өнімдер мен өңделген көкөніс өндірісінде көрсеткіштер өскен.

Негізгі азық-түлік тауарларымен ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету деңгейі 80%-дан 100%-ға дейін жетеді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында биыл жалпы құны 38,3 млрд теңге болатын 3 540 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ биыл ауыл тұрғындары мен шағын қала тұрғындарының бизнес-жобаларын қолдауға 5,4 мың жобаға 100 млрд теңге бағытталды.