7-13 қыркүйек аралығында Орал ЖЭО-ның жылу өндіретін жабдықтары толық тоқтатылады.
"Жайықжылуқуат" АҚ мәліметінше, жабдықтарды тоқтату күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында қажет.
Станцияда техникалық диагностика және гидравликалық сынақтар жүргізіліп, негізгі және қосалқы жабдықтар тексеріліп, жөнделеді.
Сондай-ақ мамандар алдағы жылыту маусымына жылу желілерін дайындау бойынша қажетті жұмыстарды атқарады деп жоспарланған.