$458.45 €531.39 ₽5.29
×

Сөз салу - дәстүр ме, тренд пе?

AstanaTV
02.09.2026ж. 19:00
Сөз салу - дәстүр ме, тренд пе?

Ел алдында тізерлеп, гауһар тасты сақина ұсынатын күйеу жігіттер көбейді. Көпшілік үшін бұл - шынайы махаббаттың символы. Бірақ бұл үрдіс қазақтың дәстүрінен бастау алды ма? Бұрынғы қазақ қоғамында жігіт қызға қалай сөз салған? Әріптесім Айғаным Тұрысбек анықтап көрді.

Қарлығашқа күні кеше сүйіктісі болашақ жарым боласың ба деп сөз салды. Ұсыныс жасау рәсімі ерекше өткен. Күйеу жігіт барын салып дайындалыпты. Өмірінде бір-ақ рет болатын сәттің ерекше өткенін қалап, талап еттім дейді қалыңдық.

ҚАРЛЫҒАШ НҰРЛАНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жігітіммен сөйлесіп бастаған кезден бастап өзіме қандй жерде, қандай гүл шоқтары қажет екенін тіпті сақинаның қандай екенінде өзім түсіндіріп айтқан болатынмын. Суретін сұрады. Мен қысылмай, ұялмай жібердім. Ол міне.

Қарлығаштың қалауы орындалды. Ал 20 жастағы Нұрасыл болашақта сөз салу үшін артық шашылмаймын деп отыр. Сол қаржыны үйдің алғашқы жарнасына салып, көлікке жұмсаған дұрыс дейді.

НҰРАСЫЛ МӘДИӘР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мүмкіндігің болса жаса әрине мүмкіндігің жоқ болса несиеге өмір сүріп, өзге ұқсауға тырысудың қажеті жоқ деп санаймын. Сүйген адам әрине қарсы болмайды деп ойлаймын. Бұл затқа түсіністікпен, жауапкершілікпен қарау қажет. Бұл жердегі басты мәселе арадағы қаржы емес, бір-бірімізге деген сыйластық, түсіністік.

Бүгінгі жастардың көзқарасы осындай. Тарихқа көз жүгіртсек, гауһар тасты сақинамен тізерлеп сөз салу қазақтың байырғы дәстүрінде атымен болмаған.

АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:

Ертеде жігіттер қызға сөз салғаннан кейін оның жауабын білезік сыйлау арқылы білген. Қыз баласы жігіттің ұсынысына келісетін болса, жүрегіме жақын деп сол қолына таққан. Ал екінші білезікті отау құрғаннан кейін сыйлаған. Сол үшінде жұптық білезік деп аталады. Бұл әшекейдің бағасын ер азамат өз жағдайына қарай таңдаған.

БҰЛБҰЛ КӘПҚЫЗЫ, ЭТНОГРАФ:

Әйелдің құнына ер азамат жету керек. Қаншалықты деңгейде әйел алып жатыр оның құнын бағасын ер азамат тоқтатқан. Тарихымызда жігіт қызға сөз талмаған. Екеу ара келіспеген, тек ұнату болған. Егер өзінің ұнатқан қызы  болса бірінші әке-шешесіне айтқан. Әке-шешесі барып құдалық сөйлескін. Қазақ жалпы көрпеге қарап көсілген халықпыз.

Батыстың маркетингі мен Голливуд қалыптастырған «гауһар тас - мәңгілік сезім белгісі» түсінігі әлеуметтік желі арқылы трендке айналды. Психологтар сөз салуды тым сәндендіру өзгемен салыстырудан туындайтынын айтады. Сондықтан мамандар сыртқы жылтыраққа еліктемей, өз мүмкіндігіңе сүйенуге кеңес береді.